БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Үстіміздегі жылдың 8 мамырында Жеңіс күнінің қарсаңында Әскери даңқ музейінің ғимаратында «Сен мәңгі естесің, жауынгер! Мы помним тебя, солдат!» фотоқұжаттық көрме ашылды. Көрмені Павлодар облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасы, облыс мемлекеттік мұрағаты мен А.Н. Потанин атындағы тарихи-өлкетану музейі бірлесіп ұйымдастырды.

Толығырақ...

Құттықтау

Қадірлі соғыс ардагерлері, тыл еңбеккерлері!

Сіздерді 9 мамыр Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Сіздердің қан майданның алдыңғы шебіндегі ерліктеріңіздің, тылдағы ерен еңбектеріңіздің арқасында еліміздің бүгінгі ұрпағы ынтымақ пен бейбітшілікте өмір сүруде.

Туған елдің тәуелсіздігі мен бостандығы үшін жанын қиған боздақтарымызды мәңгі есте сақтаймыз.

Отан үшін отқа түсіп, қан майданнан аман оралған жерлестеріміздің батырлығы, батылдығы мен табандылығының алдында бас иеміз.

Бүгінгідей айтулы мереке күні өздеріңізге зор денсаулық, жарасты көңіл-күй, баянды бақыт, отбасыларыңызға береке-бірлік тілеймін!

Толығырақ...

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Үстіміздегі жылдың 4-6 мамыры аралығында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 68 жылдық мерекесі қарсаңында облыстың мұрағат мекемелері соғыс ардагерлері Н.Т. Малининді, Ф.Я. Майерді, М.Н. Мильвановты  және  И.Д. Омельницкийді мерекемен құттықтап, дәстүрлі сыйлықтар табыстады.

Толығырақ...

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Павлодар облысы мұрағатының тарихында алғаш рет 2013 жылғы 22 сәуір-12 мамыр аралығында Ресей Федерациясы Ленинград облысындағы Синявск шыңдарында өтетін «Вахта памяти» Халықаралық патриоттық акциясының шегінде Павлодар облысы мемлекеттік мұрағатының мұрағатшысы Татбай Қаражан «Майдан жолы» іздестіру отрядының жұмысына қатысады.

Толығырақ...

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

2013 жылғы 8 сәуірде облыс әкімінің, облыс ЖОО ғалымдарының, еңбек ардагерлерінің және БАҚ өкілдерінің қатысуымен Достық үйінде «Павлодар облысы: жаңа тарих беттері. 1991-2012» кітабының тұсаукесері өтті.

Толығырақ...

Құттықтау

Толығырақ...

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

2013 жылғы 22 ақпанда Лебяжі ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі А.А. Құрманованың, облыстың мұрағаттар және құжаттама басқармасының бастығы Х.Х. Әкімхановтың, аудандық мекемелердің басшыларының, облыс мемлекеттік мұрағатының, Жеке құрам жөніндегі Павлодар қалалық мұрағаты директорларының, облыс мемлекеттік мұрағатының Ертіс және Качиры бөлімдері басшыларының  қатысуымен облыс мемлекеттік мұрағатының Лебяжі аудандық бөлімінің құрылғанына 20 жыл толуына орай салтанатты жиын өтті.

Толығырақ...

 

 Рухани жаңғыру- халқымызға рухани жол көрсететін нақты бағдар ...