«Тәуелсіздік: тарих, архивтер және ғылыми зерттеу перспективалары» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция туралы

2021 жылғы 28 қазанда Павлодар облысының мемлекеттік архиві Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік: тарих, архивтер және ғылыми зерттеу перспективалары» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізді.

 Конференцияда Тәуелсіздіктің 30 жыл ішінде Қазақстан Республикасындағы архив ісінің жай-күйін және даму перспективаларын, саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау мәселелері бойынша архивтік жұмыстың маңыздылығы, мәселелері талқыланды.

 Конференцияға ғалымдар, Қазақстан Республикасы мемлекеттік архив қызметінің басшылары мен мамандары қатысты.

 Конференция жұмысының қорытындысы бойынша конференция материалдарының жинағын шығару жоспарланып отыр.

 

 Рухани жаңғыру- халқымызға рухани жол көрсететін нақты бағдар ...