«Ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастырудың өзекті мәселелері»

Павлодар педагогикалық университеті жас зерттеушілерге арналған «Ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастырудың өзекті мәселелері» атты ғылыми - әдістемелік семинар өткізді. 

Семинар барысында ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастырудың өзекті мәселелері талқыланды. Семинарға қатысушыларды тарих ғылымдарының докторы, профессор Г.Е. Өтепова құттықтады. Архив көздерімен жұмыс істеу әдістемесі туралы тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, АлтГПУ-дің оқу жұмысы және халықаралық қызмет жөніндегі проректоры (Барнаул қ.) А.В. Контев айтып берді. С. Торайғыров атындағы Павлодар облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының бөлім басшысы. А.Р. Аульбаева кітапхананың ақпараттық ресурстарын көрсетті, ППУ-дың 2 курс докторанты Г.Б. Жакибаева ҚР Орталық мемлекеттік архівінде өткізген практикалық тәжірибесімен бөлісті.

Семинар жұмысына Павлодар облысы мемлекеттік архивінің ғылыми-ақпараттық қызмет бөлімінің басшысы Н.А. Кубик қатысып, облыс мемлекеттік архивінің оқу залында зерттеушілерге қызмет көрсету тәртібі, ғылыми-анықтамалық аппарат жүйесі, облыстық мемлекеттік архив құжаттарының құрамы мен мазмұны туралы айтып берді.

Семинарға қатысушылар оны қызықты және пайдалы деп таныды.

 

 

 Рухани жаңғыру- халқымызға рухани жол көрсететін нақты бағдар ...