Алғыс хат

Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Бақтыбайұлы Сқақовтың атына облыс мемлекеттік архиві ұжымына арналған алғыс хат түсті. 

Хатты отставкадағы судья Марат Ақторғайұлы Азбанбаев жолдапты. Азамат М.А. Азбанбаев облыс мемлекеттік архивіне Павлодар облысы тұрғындарын еңбек армиясы мен жұмысшы колонналарына мобилизациялау жөнінде мәлімет сұратқан еді. Павлодарлық архивистер әдеттегідей өз жұмыстарына жауапкершілікпен қарап, осы тақырып бойынша архивтік құжаттардың жұтаңдығына қарамай, тыңғылықты жүргізген іздестіру жұмыстарының нәтижесінде қажетті ақпараттарды тауып, сұраным иесіне архивтік анықтама даярлап жіберді. Адамдарға барынша көмек көрсету – облыс архив қызметкерлерінің басты ұстанымы.

Алғыс хатқа облыс әкімі «Басшылыққа алу және мәлімет үшін!» деген қарар қойыпты. Қоғамда аса-маса елене бермейтін, алайда тынымсыз ізденіс пен еңбек етуді талап ететін архив қызметінің лайықты бағаланғаны қуантарлық жағдай.

 

 Рухани жаңғыру- халқымызға рухани жол көрсететін нақты бағдар ...