Мамандардың Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушыларымен кездесуі

Павлодар облысының мемлекеттік архивінің қызметкерлері Павлодар қаласының химия-биология бағыттағы Назарбаев зияткерлер мектебінің қатысушыларымен кездесуі дәстүрге айналды. Оқушылардың архивистермен кезекті әңгімелері онлайн режимінде 10 ақпанда  Zoom платформасында өтті. 

Талқылау тақырыбы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің «Ұлы далының жеті қыры» атты мақаласы және 2020-2025 жылдардағы «Архив-2025» жобасын жүзеге асыру бойынша іс-шараның кешенді жоспары болды.

Павлодар облысының архив қызметінің кешенді жоспарын іске асыру, архив құжаттарын цифрлау және «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы шеңберінде  «Құжаттардың бірыңғай электронды архиві» бағдарламасын әзірлеу жөніндегі жұмысы, Қазақстан және Рессей архивтеріндегі Павлодар Ертіс өңірінің тарихы бойынша құжаттарды анықтау жоспарлары туралы облыс мемлекеттік архивінің ғылыми-ақпараттық қызмет бөлімінің басшысы Н.А.Кубик оқушыларға айтып берді.

 

 

 

 Рухани жаңғыру- халқымызға рухани жол көрсететін нақты бағдар ...